Мемлекеттің тұрақты дамуы бүгінгі міндеттерді орындаумен ғана шектелмейді. Ол келешек ұрпаққа қандай қоғамдық орта, білім беру жүйесі және құқықтық мәдениет қалдыратынымызбен де өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияның маңызы қазіргі буынның ғана емес, болашақ азаматтардың да мүддесімен байланысты.
Қазақстанның жаңа Конституциясында адам капиталы, білім, ғылым және инновация ел дамуының стратегиялық бағыттары ретінде көрсетілген. Сондай-ақ заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп, ұлттық бірлік және халықтың әл-ауқатын арттыру негізгі қағидалардың қатарына енгізілген.
Жаңа Конституция және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

