Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Ол мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын белгілеп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін де бекітеді. Сондықтан Ата Заңның мазмұны әр адамның өмірімен, қауіпсіздігімен және болашаққа деген сенімімен тығыз байланысты.
Адам қадір-қасиеті – конституциялық құндылық

