Заң бұзушылықпен күресте жауапкершілік шаралары маңызды болғанымен, оның алдын алу одан кем емес міндет. Азамат заңның талабын және оны бұзудың салдарын түсінсе, құқыққа қайшы әрекетке бармауға саналы түрде ұмтылады.
Құқықтық мәдениет адамның заң мәтіндерін жатқа білуімен өлшенбейді. Ол – даулы жағдайда дұрыс шешім қабылдау, өзгенің құқығын мойындау, заңсыз ұсыныстардан бас тарту және мәселені құқықтық жолмен шешу қабілеті.
Құқықтық мәдениет – заң бұзушылықтың алдын алу жолы

