Заңға құрмет – өзіңнен басталадыЗаң мен тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Ол әр азаматтың күнделікті әрекетінен, қоғамдық ортадағы мәдениетінен және өзгелердің құқығына деген құрметінен көрінеді. Қоғамның құқықтық деңгейі адамдардың заңды қаншалықты білетінімен ғана емес, оны өмірде қалай ұстанатынымен де өлшенеді.Көшеде қоқыс тастамау, жол ережесін сақтау, өзгенің еңбегін бағалау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау – сырттай қарағанда қарапайым әрекеттер. Алайда осындай ұсақ көрінетін қадамдардың өзі қоғамдық жауапкершіліктің негізін қалыптастырады.Заңды айналып өтуді айла деп, тәртіп бұзуды еркіндік деп қабылдау – қоғамға зиян келтіретін түсінік. Нағыз еркіндік – өз құқығыңды пайдалана отырып, өзгенің құқығына нұқсан келтірмеу.

