Домойhantengrigazeti.kz ақпаратӘділетті қоғам құрудың негізгі шарттарының бірі – заңның үстемдігін қамтамасыз ету

Әділетті қоғам құрудың негізгі шарттарының бірі – заңның үстемдігін қамтамасыз ету

Заң талаптары азаматтардың әлеуметтік жағдайына, қызметіне немесе жасына қарамастан барлығына бірдей қолданылады. Сондықтан әр адам күнделікті өмірінде қарапайым құқықтық нормаларды сақтауға дағдылануы қажет. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, айналаға зиян келтірмеу, өзгенің мүлкіне құрметпен қарау, дау-дамайды заң аясында шешу – құқықтық мәдениеттің көрінісі. Құқық бұзушылыққа немқұрайды қарамай, оның алдын алуға атсалысу да азаматтық ұстанымның бір бөлігі. Бұл бағытта ата-ана, мектеп, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы маңызды. Заңды сыйлау – мемлекетті сыйлау. Ал тәртіпті сақтау – өзіңнен басталатын жауапкершілік.

Жаңалықтар