Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдаулары, жарлықтары мен тапсырмалары елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуының негізгі бағыттарын айқындайды. Құжаттарда азаматтардың әл-ауқатын арттыру, экономиканы дамыту, білім мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, цифрландыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер қамтылады. Мемлекеттік органдар үшін Президент тапсырмаларын сапалы әрі уақытылы орындау – басты міндеттердің бірі. Ал қоғам үшін белгіленген басымдықтардың мәнін түсіну маңызды. Мемлекеттік саясаттың нәтижесі нақты іске ұласқанда ғана халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік туады. Сондықтан әр деңгейдегі мекеме өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап, қабылданған шешімдердің тиімділігін қамтамасыз етуге күш салуы қажет. Бұл – ел дамуына ортақ үлес.

