Алкогольді шамадан тыс тұтыну – адамның өзіне ғана емес, оның отбасына және айналасындағы ортаға да әсер ететін әлеуметтік мәселе. Әдетке айналған ішімдік адамның тұрмыс-тіршілігіне, еңбекке қабілетіне, отбасылық қарым-қатынасына кері ықпал етуі мүмкін.
Алкогольге тәуелділік бір күнде қалыптаспайды. Кей жағдайда адамның ішімдікке деген әуестігі біртіндеп күшейіп, уақыт өте келе оны өз бетінше тоқтату қиынға соғады. Мұндай кезде мәселені жасырып немесе елемей қоюдың орнына, мамандардан көмек сұрау маңызды.

