Қоғамдық қауіпсіздік – азаматтардың қалыпты әрі алаңсыз өмір сүруіне қажетті маңызды шарттардың бірі. Көшеде, қоғамдық орындарда, оқу орындарында немесе көпшілік жиналатын жерлерде белгіленген талаптарды сақтау түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіз орта қалыптастыру тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Әр азамат өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, айналасындағылардың қауіпсіздігін де ескеруі қажет. Күдікті жағдайды байқап, оны елемей өтпей, тиісті қызметтерге хабарлау – азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі.

