Кейде қоғамдағы мәселелерді көріп тұрып, оған араласуды артық көреміз. «Бұл менің шаруам емес» деген түсінік осылай қалыптасады. Алайда қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қатысты жағдайларда бейжай қалмаудың маңызы зор.
Мәселен, жолда қауіпті жағдайды байқау, қоғамдық орында құқық бұзушылыққа куә болу немесе интернетте алаяқтыққа ұқсас әрекетке тап болу кезінде тиісті органдарға хабарлау – азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі.

