Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына жолдауын мұқият тыңдадым. Қасым — Жомарт Кемелұлы өз жолдауында еліміз үшін шешілуі тиіс бірқатар мәселелерді көтеріп, еліміздің жарқын болашағы үшін жасалуы тиіс маңызды жұмыстарға тоқталды. Білім беру жүйесінде мектепке дейінгі тәрбиешілердің, әлеуметтік мәртебесін көтеру, жалақыларын арттыру көзделіп отыр. Тәрбиешілерді аттестациялау, олардың жүктемесін азайту да атап өтілді.
Сонымен бірге орта білімнің сапасы-табысты ұлт болудың маңызды шарты екенін баса айтып өтті. Ата-аналардың жауапкершілігіне тоқталды. Онда әр ата-ана баласының жақсы білім алуына жауапты екенін ескертті.
Қасым — Жомарт Кемелұлы 2025 жыл «жұмысшы мамандықтары» жылы болатынын жариялады. Бұл өте құптарлық мәселе деп айтар едім. Негізі жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда енбекқор және нағыз маман иелері көбейеді деп ойлаймын. “Адал, әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті болады” — деді мемлекет басшысы. Егеменді еліміздің, ертеңгі болашағы үшін, еліміздің әлеуметтік — экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған жолдауды қолдаймын.
Балжан ОМАРОВА,
аудандық аналар кеңесінің төрайымы