Атом электр станциясы арқылы энергия алу- дамыған озық елдердің тәжірибесінен өткен, тиімді шешім. АЭС салу мәселесі тек халық тарапынан басым қолдауға ие болғанда ғана жүзеге асырылатынын басты назарға алу қажет. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуы бойынша, егер таза атом энергиясы болмаса, инвестиция тартпақ түгілі, барлық экономикадан да, аймақтық көшбасшылықтан да айырылып қаламыз.
Қазіргі таңда елімізде 3 атом реакторы бар, дегенмен олар энергия өндірмейді, тек ғылыми мақсатта пайдаланылады. Демек бізге атом электр станциясын салудан бөлек, алдымен атом электр станцияларында жұмыс істей алатын білікті кадрлар дайындау міндеті тұр.
Ізтелеу Перизат
Маңызды