Райымбек ауданына қарасты Шалкөде ауылында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде атом электр станцияларының экономикалық тиімділігі мен экологиялық артықшылықтары кеңінен талқыланды.
💬 «Атом электр станцияларының экологиялық артықшылықтары олардың заманауи қауіпсіздік жүйелерінде жатыр. АЭС көміртегі шығарындыларын азайтып, парниктік газдардың алдын алуға үлкен үлес қосады. Бұл еліміздің экологиялық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді», – деді Халықтық штаб мүшесі Берік Сыдықбаев.
Тұрғындар атом электр станцияларының экологияға әсері, қауіпсіздік шаралары және олардың ел экономикасына тигізетін пайдасы туралы толық ақпарат алды.