Домойhantengrigazeti.kz ақпаратКөршімен татулық та – құқықтық мәдениеттің көрінісі

Көршімен татулық та – құқықтық мәдениеттің көрінісі

Қоғамдағы заң мен тәртіп тек мемлекеттік мекемелердің жұмысына байланысты емес. Ол адамдардың күнделікті қарым-қатынасынан да көрінеді. Ауладағы тазалық, тыныштық сақтау, ортақ мүлікке ұқыпты қарау, өзгенің жеке кеңістігін құрметтеу – азаматтық жауапкершіліктің қарапайым үлгілері.

Кей жағдайда адамдар арасындағы дау үлкен мәселеге айналып жатады. Ал мәселені өркениетті түрде сөйлесу, өзара келісімге келу және қажет болған жағдайда заң аясында шешу – құқықтық мәдениеттің белгісі.

Бір адамның құқығы екінші адамның құқығы басталатын жерде шектелетінін түсіну – бейбіт әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі.

Жаңалықтар