Жол қозғалысы ережесін сақтау – жүргізуші мен жаяу жүргіншінің ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне әсер етеді. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, телефонға алаңдау немесе жол белгілерін елемеу қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін.
Жүргізуші рөлге отырған сәттен бастап өз өмірімен қатар өзге адамдардың өміріне де жауапты екенін ұмытпауы керек. Ал жаяу жүргінші белгіленген жерден өтіп, жол ережесін сақтауы тиіс.
Жолдағы тәртіп – әр адамның саналы әрекетінен басталады.

