Меншік – азаматтың заңмен қорғалатын негізгі құқықтарының бірі. Әр адамның өз мүлкін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Бұл құқықтың сақталуы қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігінің маңызды көрсеткіші.
Мүлікке қатысты даулар, заңсыз иемдену, алаяқтық немесе бөтен мүлікке қол сұғу азаматқа материалдық қана емес, моральдық зиян да келтіруі мүмкін. Сондықтан мүлікке қатысты құжаттарды дұрыс рәсімдеп, келісімшарттарды мұқият тексеру және өз құқығын заң аясында қорғау маңызды.
Құқығы бұзылған жағдайда азамат заңда белгіленген тәртіппен сотқа немесе тиісті мемлекеттік органдарға жүгіне алады. Өзгенің меншігін құрметтеу және өз мүлік құқығын білу – құқықтық мәдениеттің маңызды бөлігі.

