Алкоголизм – адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, жұмысына және қоғамдық өміріне кері әсер ететін ауыр тәуелділік. Алкогольді тұрақты әрі шамадан тыс тұтыну уақыт өте келе адамның ерік-жігерін әлсіретіп, тәуелділікке әкелуі мүмкін.
Алкогольді шамадан тыс қолдану денсаулыққа зиян келтіріп, адамның мінез-құлқына да әсер етеді. Ашушаңдық, жауапсыздық, отбасындағы түсініспеушілік пен жанжал жиілеуі мүмкін. Мұндай жағдай балалардың тәрбиесі мен психологиялық жағдайына да кері ықпал етеді.

