Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік
Жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты маңызды мәселе. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, жүргізуші мен жаяу жүргіншінің де ортақ міндеті. Жол ережесін сақтау – өз өміріңді ғана емес, айналаңдағы адамдардың қауіпсіздігін қорғау.
Жүргізушілер жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырмай, көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдамай, мас күйінде рөлге отырмауы тиіс. Ал жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген жерден кесіп өтіп, бағдаршам талаптарын сақтауы қажет. Әсіресе балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ата-ана мен ересектер ерекше көңіл бөлгені жөн.
Жол ережесін сақтау – заң талабы ғана емес, адам өміріне деген құрмет. Сондықтан жолдағы әрбір әрекетімізге жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздікті бірінші орынға қояйық.

