Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЗаң мен тәртіп – қоғамның берік негізі

Заң мен тәртіп – қоғамның берік негізі

Заң мен тәртіп – елдегі тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздіктің басты кепілі. Құқықтық мемлекетте заң баршаға ортақ және әр азамат өз құқығы мен міндетін білуі тиіс. Қазақстанда қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған 2025–2030 жылдарға арналған арнайы тұжырымдама бекітілген.

Заңды сақтау тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Ол – әрбір азаматтың күнделікті өмірдегі жауапкершілігі. Жол ережесін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзгенің құқығына құрметпен қарау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастырады.

Қоғамда заңға деген құрмет отбасынан, мектептен және қоршаған ортадан басталады. Әсіресе жас ұрпаққа құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды. Құқықтық мәдениеті жоғары азамат өз құқығын ғана қорғап қоймай, өзгенің де заңды мүддесін құрметтейді.

Заң мен тәртіп – жазалау ұғымымен ғана шектелмейді. Оның негізінде әділдік, жауапкершілік, адам құқықтарын құрметтеу және қоғамдық қауіпсіздік қағидаттары жатыр. Сондықтан заң талаптарын сақтау – қауіпсіз әрі әділетті қоғам құруға әр азаматтың қосқан үлесі.

Заңға құрмет – елге құрмет. Тәртіп бар жерде тұрақтылық пен сенім бар.

Жаңалықтар