Меншік – әр азаматтың заңмен қорғалатын құқығы. Үй, көлік, жер, қаржы және басқа да мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарау – күтпеген шығындар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды жолы.
Мүлікті қорғау үшін құжаттарды қауіпсіз жерде сақтау, үй-жайға сенімді құлып пен бейнебақылау орнату, банк картасы мен жеке мәліметтерді бөтен адамдарға бермеу қажет. Сондай-ақ күмәнді ұсыныстарға сенбей, интернеттегі алаяқтықтан сақ болған жөн.
Әр азамат өз мүлкіне ұқыпты қарап, заңсыз әрекетке тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуі керек.
Меншікті қорғау – тек мүлікті сақтау емес, өз еңбегің мен отбасыңның қауіпсіздігін қорғау.


