2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум өтті. Бұл – еліміздің құқықтық жүйесі үшін маңызды тарихи кезең. Жаңа Конституцияда Қазақстанның тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы, унитарлық сипаты мен президенттік басқару нысаны сақталды. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті нығайтуға ерекше мән берілген.
Жаңа Конституцияның маңызды ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. Құжатта биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қағидаты бекітіліп, Құрылтай жаңа мемлекеттік институт ретінде айқындалды. Конституцияның 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі еліміздің жаңа конституциялық-құқықтық кезеңге қадам басқанын білдіреді.


