Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері көбейіп келеді. Алаяқтар банк қызметкері, полиция қызметкері немесе басқа ұйымның өкілі ретінде хабарласып, азаматтардың жеке мәліметтері мен ақша қаражатын алуға тырысады. Бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, құпия сөздерді және SMS арқылы келген кодтарды беруге болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеру қажет.


