Заң мен тәртіп туралы сөз болғанда, оны тек құқық қорғау органдарының қызметімен байланыстыру жеткіліксіз. Қоғамдағы тәртіп әр азаматтың қарапайым әрекетінен басталады. Кезекте өзгенің құқығын сыйлау, қоғамдық орында белгіленген талаптарды орындау, дау туындағанда күшке емес, заңға жүгіну – құқықтық мәдениеттің нақты көрінісі.
Мемлекеттегі тұрақтылық азаматтардың заңға деген көзқарасымен тығыз байланысты. Заңды айналып өтудің орнына мәселені құқықтық жолмен шешуге ұмтылу – жауапты азаматтың ұстанымы. Осындай мәдениет қалыптасқан жерде өзара сенім де, қоғамдық келісім де нығаяды.

