-8 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главномҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес:

  • жекеше мекеме;
  • қоғамдық бірлестік;
  • коммерциялық емес акционерлік қоғам;
  • қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар;
  • заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар;
  • шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi)

үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын ҮЕҰ дерекқордың интернет-порталы http://infonpo.gov.kz арқылы 31 наурызға дейін ұсыну қажет. Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

Басқа да сұрақтар бойынша  үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің сайтынан (https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/press/article/details/5994?lang=kk ) білуге болады.

Жаңалықтар