23 тамыз күні Райымбек ауданында Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Ауданда дауыс беруге құқылы 18 504 сайлаушы тіркелген. Тұрғындар өз таңдауын аудан аумағындағы 25 дауыс беру учаскесінде жасады.
Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастап, сайлаушыларды қабылдады. Алғашқы сағаттардан-ақ учаскелерге тұрғындар келе бастады. 103 жастан бастап әр буын өкілдері дауыс беруге қатысып, өз таңдауын білдірді.
Сайлау процесіне ауданның ел ағалары мен ақ жаулықты аналары да белсенді түрде қатысты. Олар дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымдарын білдірді.Сайлау күні учаскелердегі жұмыс жүйелі ұйымдастырылып, дауыс беру процесі белгіленген тәртіппен жүргізілді. Тұрғындар өз таңдауын сабырлы әрі қалыпты жағдайда жасады. Учаскелерде мерекелік көңіл-күйге ұласқан жағымды атмосфера қалыптасып, азаматтардың белсенділігі байқалды.
Күн бойы дауыс беру учаскелерінде тұрғындар қарасы үзілмей, сайлау процесі қалыпты жағдайда жалғасты. Қоғамдық тәртіп сақталып, сайлаушыларға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалды.Дауыс беру учаскелері сағат 20:00-де жұмысын аяқтады.Осылайша, Райымбек ауданындағы сайлау күні ұйымдасқан жұмыс, тұрғындардың белсенділігі және әр азаматтың өз таңдауын жасауға деген жауапкершілігімен өтті.

