Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында ел дамуының мүлдем жаңа экономикалық сипатын айқындап берді. Саяси трансформациялау кезеңінен өткен Қазақстан ендігі кезекте ішкі жалпы өнімнің әлеуетін тікелей халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағыттауды көздеп отыр. Осы орайда, Президент елді жаппай көркейту мен жаңғыртудың ауқымды бағдарламаларын жариялады

