-8.6 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратАДАЛ ЕҢБЕК-АДАМ КӨРКІ

АДАЛ ЕҢБЕК-АДАМ КӨРКІ

Адам баласына берілген ең үлкен мүмкіндіктердің бірі — еңбек етуге  қабілеттілік. Жақсы өмір сүрудің қарапайым ережесі — пайдалы еңбек ету, адал табыс табу. Тынымсыз еңбек, көркем мінезбен үйлесім табуы маңызды. Бағдагүл Шариқызын жақындары дәл осындай, көркем мінезі мен ерен еңбегі өзара үндескен, ардақты жан деп ерекше құрмет тұтады.

Сұлтанаева Бағдагүл Шариқызы 1964 жылы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балғын балалық шағы Қарасаз ауылының кең-байтақ, жазиралы даласында өтті. Жамбыл ауылы азаматымен отау құрып, дүниеге перзент әкелді. Тағдыр жазуымен, 2002 жылы жары өмірден озды.  Бағдагүл ханым, өмірдің бұл қиындығына да көндігіп, балаларының ертеңі үшін еңбек етуді жалғастырды. Бүгінде балалары ер жетіп, оқу оқып, түрліше қызметте абыройлы қызметтер атқарды. Бағдагүл әпкеміз балабақшада, колхозда бірнеше жылдар бойы елеулі еңбек етті. Кейіннен, Жамбыл ауылдық ауруханасына жұмысқа кірді. Күні бүгінге дейін аталмыш аурухананың тазалығына жауапты жан. Ұжымдастары Бағдагүл Шариқызының өз ісіне аса тыңғылықты, ерекше ұқыпты екенін айтып, әркез құрмет білдіруден жалықпайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында: «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек», – деп атап өтті. Мемлекет басшысының осы мәселеге ерекше екпін түсіруі бірқатар еңбек адамдарын елеп-ескеріп, ерекше құрмет білдіруге баса көңіл аудартты.

Бағдагүл Шариқызының сан жылдар еткен еңбегінің жемісін көретін шағы- зейнет жасы да келіп жетті. Қарапайым қалпын бұзбай, тынымсыз еңбек еткен  жанның өнегелі өмірі көпке үлгі.

Ақерке НҰРӘЛІМҚЫЗЫ

Жаңалықтар