ДомойЖаңалықтар | НовостиБАҒДАТ СЕЙІТ: «ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІНЕ ӘСЕР ЕТЕДІ»

БАҒДАТ СЕЙІТ: «ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІНЕ ӘСЕР ЕТЕДІ»

Бесағашта халықаралық байқаулардың лауреаты, жас әнші Бағдат Сейіт Құрылтайға қатысты өз таңдауын жасадыТалғар ауданына қарасты Бесағаш ауылындағы сайлау учаскесіне халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші Бағдат Сейіт келіп, Құрылтайға қатысты өз таңдауын жасады.Жас өнер иесі дауыс бергеннен кейін жастардың қоғам өміріндегі белсенділігіне тоқталып, азаматтық ұстанымның қалыптасуы әр адамның өзінен басталатынын айтты.«Бүгінгі жастар – елдің ертеңгі келбетін қалыптастыратын буын. Сондықтан әр жас елде болып жатқан маңызды үдерістерге қызығушылық танытып, өз пікірін қалыптастыруы керек. Өз таңдауын жасау – тек құқықты пайдалану емес, елдің болашағына деген жауапкершілікті сезіну деп білемін», – деді Бағдат Сейіт.Әншінің айтуынша, жастардың белсенділігі қоғамның дамуына тікелей ықпал етеді. Оның пікірінше, жас буынның ел өміріне араласуы тек белгілі бір науқанмен шектелмеуі тиіс.«Жастардың қоғамға араласуы тек сайлау күнімен шектелмейді. Елдің мәдениетіне, біліміне, өнеріне, әлеуметтік өміріне өз үлесін қосу да – азаматтық белсенділіктің көрінісі. Әр жас өз саласында жақсы нәтижеге ұмтылса, бұл да елдің дамуына қосылған үлес», – деді ол.Халықаралық және республикалық өнер байқауларында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жүрген Бағдат Сейіт үшін елдің атын таныту мен азаматтық жауапкершілік өзара сабақтас.«Сахнаға шыққанда елдің атынан өнер көрсетіп тұрғаныңды сезінесің. Бұл – үлкен жауапкершілік. Азамат ретінде де елдің болашағына бейжай қарамауымыз керек. Әрқайсымыз өз орнымызда елге пайда әкелетін іс жасауға тырыссақ, қоғам да алға жылжиды», – деді әнші.Бағдат Сейіт замандастарын ел өміріне белсенді араласуға, өз ұстанымын қалыптастырып, болашаққа жауапкершілікпен қарауға шақырды.Құрылтайға қатысты дауыс берген жас әнші үшін бүгінгі күн – өз таңдауын білдірумен қатар, қатарластарына азаматтық белсенділіктің маңызын жеткізген сәт болды.БАҒДАТ СЕЙІТ: «ВЫБОР МОЛОДЁЖИ ВЛИЯЕТ НА БУДУЩЕЕ СТРАНЫ»В Бесагаше лауреат международных и республиканских конкурсов принял участие в голосовании в рамках КурултаяСегодня на избирательный участок в селе Бесагаш Талгарского района пришёл лауреат международных и республиканских конкурсов, певец Бағдат Сейіт и сделал свой выбор в рамках Курултая.После голосования молодой артист отметил, что активная гражданская позиция молодёжи начинается с интереса к общественной жизни и осознанного отношения к происходящим в стране процессам.«Сегодняшняя молодёжь – это поколение, которое будет формировать облик страны завтра. Поэтому каждому молодому человеку важно интересоваться значимыми событиями, иметь собственное мнение и понимать ответственность за свой выбор. Участие в голосовании – это не только реализация своего права, но и отношение к будущему страны», – сказал Бағдат Сейіт.По словам певца, участие молодёжи в жизни общества не должно ограничиваться одним днём или отдельным мероприятием.«Гражданская активность молодёжи проявляется не только в дни голосования. Участие в развитии культуры, образования, искусства, социальной жизни – всё это вклад в будущее. Если каждый молодой человек будет стремиться добиваться результатов в своей сфере и приносить пользу обществу, страна будет двигаться вперёд», – отметил он.Бағдат Сейіт, представляющий Казахстан на международных и республиканских музыкальных конкурсах, считает, что профессиональные достижения также связаны с гражданской ответственностью.«Когда выходишь на сцену и представляешь свою страну, чувствуешь большую ответственность. Для меня важно не только достойно выступать, но и как гражданину не оставаться в стороне от жизни страны. Каждый может быть полезен обществу на своём месте», – сказал артист.Певец призвал своих ровесников активнее участвовать в общественной жизни, формировать собственную позицию и ответственно относиться к своему будущему.Для Бағдат Сейіта участие в голосовании в рамках Курултая стало не только возможностью выразить свой выбор, но и поводом обратиться к молодому поколению с призывом быть активными и ответственными гражданами.

Жаңалықтар