3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Алматы облысына Мәжіліс депутаттары келді

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Алматы облысына іссапармен келді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Максим Рожин мен Мақсат Толықбай арнайы келді. Ондағы негізгі мақсат келелі жиын өткізіп, тұрғындармен байланыс орнату.

Олар 10 күн бойы бойы өңірдегі 7 аудан мен Қонаев қаласын аралап, тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдайды.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасы Қуат Байғоджаев Мәжіліс депутаттары барлық аудан, қалада 40-тан астам кездесу өткізіп, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылатынын жеткізді.

«Қоғамдық қабылдаулар кестесі партия филиалдарының әлеуметтік желідегі парақшаларына жарияланған. Сонымен қатар алдағы уақытта Жол картасына енгізілген жобалардың іске асырылу барысы да талқыланады», – партия филиалының төрағасы.

Айта кету керек, қазіргі уақытта халық қалаулылары Еңбекшіқазақ ауданында өңір жұртшылығымен кездесуді бастап кетті.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар