3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Бензин мен дизель отынының қымбаттауы – мәжбүрлі шара. 

      Жуық арада елімізде бензин мен дизель отынының қымбаттауы орын алады. Әрине, бұл жағымды жаңалық емемс. Бірақ бұл шара ішкі нарықты қорғау, жанар-жағармайымыздың елден тыс жерлерге ағып кетуіне жол бермеу үшін қажет.  Байқауымызша, тұтыну көлемінің үнемі өсіп келе жатқан негізгі факторлары транзиттік көліктер мен көршілес елдерге бензиннің «сұр» деп аталатын экспорты болып табылады. Өткен жылы Қазақстаннан транзиттік көлікпен 150 мың тоннадай дизель отыны, «сұр» экспортпен 200 мың тоннадай дизель отыны экспортталған. Бұл жағдай, ең алдымен, айтарлықтай баға айырмашылығынан туындап отыр. Себебі, бізде көршілес елдерге қарағанда жанармайдың бағасы едәуір төмен. Мысалы, Өзбекстанда дизель отынының құны біздегі бағадан екі есе қымбат, Ресейде дизель отынының құны біздегіден 45 пайызға қымбат, Қырғызстанда литрі 64 пайызға қымбат. Бұл көршілес елдердің тұрғындарына қазақстандық бензинді сатып алып, экспорттау тиімдірек болады деген сөз. Сондықтан бензин мен дизель отынының қымбаттауы – мәжбүрлі шара. Ол өзін ақтап, еліміздің жанармай нарығындағы жағдайды жақсы жаққа өзгертеді.

Айгүл БАҚЫТҚЫЗЫ,

Райымбек ауданы.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар