Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЖастар және құқықтық мәдениет

Жастар және құқықтық мәдениет


Жастар – елдің болашағы. Сондықтан олардың құқықтық сауаттылығы мен заңға деген көзқарасы қоғамның дамуына тікелей әсер етеді.
Қазіргі таңда әр жас өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Заңды білмеу адамды жауапкершіліктен босатпайды. Сол себепті мектептен бастап құқықтық білім берудің маңызы зор.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі керек. Ата-ана, мұғалім және құқық қорғау органдары бірлесе жұмыс істегенде ғана нәтижелі тәрбие қалыптасады.
Заңды құрметтейтін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жас – елдің сенімді тірегі. Сондықтан құқықтық мәдениетті қалыптастыру әр отбасы мен білім беру ұйымының маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс.

Жаңалықтар