Тәртіп бар жерде тұрақтылық пен қауіпсіздік болады. Қоғамдағы тәртіпті сақтау тек полиция қызметкерлеріне немесе мемлекеттік органдарға жүктелмейді. Бұл – барлық азаматқа ортақ міндет.
Көшеде, қоғамдық орындарда, оқу орындарында және жұмыс орындарында белгіленген ережелерді сақтау адамдардың бір-біріне деген құрметін көрсетеді. Қарапайым тәртіп ережелерін орындаудың өзі көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алады.
Мысалы, жол қозғалысы ережесін сақтау адам өмірін қорғауға көмектеседі. Қоғамдық орында тәртіп сақтау өзге азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етеді. Ал заң талаптарын орындау құқық бұзушылықтың алдын алады.
Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидасы әр адамның күнделікті өмірінен көрінуі қажет. Тәртіпті қоғам құру – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Қоғамдағы тәртіп – ортақ жауапкершілік

