Домойhantengrigazeti.kz ақпаратҚұрылтай ашық талқылау алаңы

Құрылтай ашық талқылау алаңы

Мен жас азамат ретінде еліміздің болашағына бейжай қарамаймын. Бүгінгі қоғамдағы әрбір өзгеріс пен жаңа бастама – ел ертеңіне жасалған қадам деп түсінемін.

Құрылтай – ел өміріндегі маңызды мәселелерді ашық талқылап, халықтың ұсынысы мен пікірін ескеруге мүмкіндік беретін үлкен диалог алаңы. Мұндай бастамалар қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсатқа жұмылуға жол ашады.

Жастардың ел дамуына араласуы – тек сөзбен емес, нақты іспен көрінуі керек. Білім алу, еңбек ету, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу және туған елге адал қызмет ету – біздің басты міндетіміз.

Мен де өз қатарластарымды ел өміріне белсенді араласып, жақсы бастамаларға қолдау көрсетуге шақырамын. Себебі еліміздің ертеңі – бүгінгі біздің әрекетімізге байланысты.

Елге қызмет ету – үлкен жауапкершілік. Ал жарқын болашақ – бәрімізге ортақ мақсат! 🇰🇿

АЛТЫНБЕК Нұрберген Нұрқанатұлы
Белсенді жас

Жаңалықтар