Азаматтың жеке мүлкі – оның еңбегімен жинаған дүниесі. Сондықтан мүлікті қорғау үшін қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарау қажет. Үйден ұзақ уақытқа кетер кезде есік-терезелерді тексеру, бағалы заттарды қауіпсіз жерде сақтау және қажет болған жағдайда бейнебақылау құралдарын пайдалану маңызды.
Сақтықтың қарапайым ережелерін орындау көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алады. Сонымен бірге күмәнді адамдардың әрекетін байқасаңыз немесе мүлікке қатысты құқық бұзушылық орын алса, тиісті органдарға уақытылы хабарлау қажет.

