Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз – адамдардың көшеде, қоғамдық орындарда және күнделікті өмірде өзін еркін әрі қауіпсіз сезінуі. Мұндай ортаны қалыптастыру үшін құқық қорғау органдарының жұмысы ғана жеткіліксіз. Тұрғындардың заң талаптарын сақтауы және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауы да маңызды.
Қауіпсіздікке немқұрайлы қарамау – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өзгенің құқығына құрметпен қарау және күмәнді жағдайлар туралы дер кезінде хабарлау арқылы әр адам ортақ қауіпсіздікке үлес қоса алады.

