Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының басты негізі. Әр азамат өз құқығы мен міндетін біліп, заң талаптарын сақтауы қажет. Заңды құрметтеу тек жауапкершіліктен қорқу емес, өзіңнің және өзгелердің қауіпсіздігіне деген құрмет.
Қоғамда тәртіп орнауы әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады. Сондықтан заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау, өзгенің құқығына қол сұқпау – ортақ міндет. Заңға бағынған елде тұрақтылық пен сенім қалыптасады.

