Есірткіге тәуелділік – жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның дерті. Ол денсаулықты әлсіретіп, отбасын күйретіп, қылмыстың көбеюіне себеп болады. Сондықтан жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, зиянды әдеттердің зардабын түсіндіру – баршамыздың міндетіміз. Салауатты өмір салтын таңдау – жарқын болашақтың кепілі.

