Әділетті қоғам құру – мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Заң талаптарын орындау, жемқорлыққа жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау – ел дамуының маңызды шарттары.Заң үстемдік еткен жерде құқық қорғалады, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Сондықтан әркім заңды сыйлап, жауапкершілік танытса, еліміздің тұрақтылығы мен бірлігі нығая түседі.

