Жаңа Конституция – еліміздің әділетті, ашық әрі жауапты қоғам құру жолындағы маңызды қадамы. Бұл құжат мемлекет қызметінің негізгі қағидаларын айқындап қана қоймай, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.Конституцияда бекітілген әрбір норма қоғамдағы әділдік, теңдік және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға қызмет етеді. Оның талаптарын сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Себебі заңға құрмет пен құқықтық мәдениет қалыптасқан жерде тұрақтылық пен даму болады.Жаңа Конституция қоғамның жаңаруына серпін беріп, азаматтардың мемлекет ісіне белсенді қатысуына жол ашты. Бұл – ел болашағына деген сенімнің, бірлік пен татулықтың, заң үстемдігінің айқын көрінісі.
Ж. Азимханова
Іле аудандық кітапханасының әдістеме бөлімінің меңгерушісі

