ДомойЖаңалықтар | Новости«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 28–30 шілде аралығында республика көлемінде «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Іс-шараның негізгі мақсаты – жолаушылар мен жүк тасымалдау кезінде жол жүрісі қағидалары мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.Осыған байланысты жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауда ұстауға және барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.Заң мен тәртіп – қауіпсіз жолдың және адам өмірін сақтаудың басты кепілі.

Жаңалықтар