Әр азаматтың таңдауы – елдің ертеңіне жасалған қадам
Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі. Бұл науқан – әр азаматтың өз көзқарасын білдіріп, мемлекет дамуына деген жауапкершілігін іс жүзінде көрсететін мүмкіндік.
Сайлау – жай ғана дауыс беру рәсімі емес. Ол – қоғамның болашағына бейжай қарамайтын, ел тағдырына ортақ жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың таңдауы. Әрбір дауыс елдің даму бағытына, қабылданатын шешімдерге және қоғамның өркендеуіне ықпал етеді.
Әрине, күнделікті тіршіліктің қарбаласында сайлауға уақыт бөлу немесе үміткерлердің бағдарламаларымен танысу оңай болмауы мүмкін. Дегенмен, саналы таңдау жасау – азаматтық парыздың маңызды көрінісі. Өз таңдауын өзі жасаған қоғам ғана тұрақты дамуға және әділетті мемлекет құруға қадам басады.
Қоғамдық өмірге белсенді араласу, ел болашағына бейжай қарамау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу – өз құқығыңды пайдалану ғана емес, мемлекетіміздің келешегіне қосқан нақты үлес.
Елдің ертеңі – бүгінгі таңдаудан басталады. Сондықтан әр дауысқа жауапкершілікпен қарап, саналы шешім қабылдау – баршамыз үшін маңызды.
Кошкенова Лиза Турдакыновна
«Қызғалдақ» бөбекжай-балалар бақшасы МКҚК-ның меңгерушісінің м.а

