Белсенді таңдау – жарқын болашақтың кепілі
Қоғамның өркендеуі әрбір азаматтың белсенді ұстанымы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Елдің болашағына әсер ететін маңызды саяси науқандарға қатысу – әр адамның азаматтық міндеті әрі конституциялық құқығы.
Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы – өз пікірімізді білдіріп, елдің дамуына үлес қосуға берілген маңызды мүмкіндік. Сайлауға қатысу арқылы әр азамат қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамайтынын және мемлекетіміздің келешегіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
Әрбір берілген дауыс – әділетті, ашық әрі тұрақты қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Сондықтан таңдау жасау кезінде саналы шешім қабылдап, азаматтық белсенділік таныту – ортақ игілікке қосылған үлес.
Еліміздің ертеңі бүгінгі ұстанымымыз бен іс-әрекетімізге байланысты. Осы орайда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағын қалыптастыруда ерекше маңызға ие.
Тайженбетов Бағила Бижанқызы
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

