– Құрылтай – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтып, елдің келешегіне қатысты маңызды бастамаларды қолдайтын маңызды алаң. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ халқы ежелден ел тағдыры шешілетін мәселелерді ақылдасып, кеңесе отырып қабылдаған. Бұл – ұлттың береке-бірлігін сақтаған игі дәстүрдің жалғасы.
Бүгінде Құрылтай аясында көтерілетін бастамалар мен шешімдер қоғамның әр саласының дамуына ықпал етеді. Сондықтан әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, дауыс беруі – ел болашағына деген жанашырлығы мен азаматтық жауапкершілігінің көрінісі.
Баршаңызды Құрылтайға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырамын. Әрбір дауыс маңызды. Өйткені еліміздің ертеңі әрқайсымыздың бүгінгі белсенділігімізге байланысты.
Бексұлтан Марғұлан, тарих пәнінің мұғалімі:

