Нашақорлық – адам өмірі мен қоғамның қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіретін әлеуметтік мәселе. Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, оның отбасымен, қоғаммен байланысына және болашағына кері әсер етеді. Сондықтан есірткінің алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізілуі керек. Бұл бағытта жастарға есірткінің зияны туралы нақты ақпарат беріп, олардың спортпен, өнермен, біліммен және қоғамдық жұмыстармен айналысуына жағдай жасау маңызды. Әсіресе есірткі заттарының интернет арқылы таралуына жол бермеу, күмәнді ұсыныстардан сақ болу жөнінде түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Нашақорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Оған ата-ана, білім беру ұйымдары, медицина қызметкерлері және бүкіл қоғам бірлесіп атсалысқанда ғана нәтижелі болады.

