Технология дамыған сайын виртуалды қылмыскерлердің де айласы артып келеді. Фишинг, жалған қоңыраулар және банк карталарының деректерін ұрлау — жиі кездесетін алаяқтық түрлері. Киберқылмыспен күресудің ең тиімді жолы — азаматтардың цифрлық сауаттылығы. Ешқашан бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді немесе СМС кодтарды айтуға болмайды.

