ДомойЖаңалықтар | НовостиІЛЕ АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЗАМАНАУИ ИВЛ АППАРАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЗАМАНАУИ ИВЛ АППАРАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Іле ауданында орналасқан облыстық балалар клиникалық ауруханасына демеушілік көмек аясында жалпы құны 42,7 млн теңгені құрайтын екі заманауи өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты табысталды.Игі бастама Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің ұсынымымен жеке инвесторларды тарту нәтижесінде жүзеге асты. Жоба денсаулық сақтау саласын қолдау мен медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған.Ауруханаға жеткізілген Mindray SV300 үлгісіндегі аппараттар ересектерге, балаларға және жаңа туған нәрестелерге (жинақталуына қарай) инвазивті және инвазивті емес өкпені жасанды желдетуге арналған. Заманауи құрылғылар реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде пайдаланылып, ауыр жағдайдағы науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Жаңа жабдықтардың орнатылуы реанимациялық бөлімнің материалдық-техникалық әлеуетін күшейтіп, дәрігерлердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және пациенттердің өмірін сақтап қалуға бағытталған медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.Денсаулық сақтау саласын дамыту және әлеуметтік маңызы бар нысандарды қолдау – Іле ауданында тұрақты түрде жүзеге асырылып келе жатқан басым бағыттардың бірі.

Жаңалықтар