Алматы облысы бойынша Экология департаментінде 2026 жылдың І жартыжылдығындағы мемлекеттік экологиялық бақылау және мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындыларына арналған брифинг өтті.Брифингте Алматы облысы бойынша Экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Бақкелді Демеуов жыл басынан бері экологиялық заңнама талаптарының сақталуын бақылау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты.Оның мәліметінше, есепті кезеңде 19 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, олардың нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарының 30 бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтарды жою үшін 30 нұсқама беріліп, кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Жалпы 42 әкімшілік іс қозғалып, салынған айыппұлдардың едәуір бөлігі өндірілді.Сонымен қатар есепті кезеңде 7 профилактикалық бақылау өткізілді. Жоспарланған бір бақылау кәсіпорын қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілмеген.Брифинг барысында Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Раушан Мухажанова мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындыларына тоқталды. Оның айтуынша, Департамент қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат беру, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру, кешенді экологиялық рұқсат рәсімдеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру және скрининг жүргізу бағыттары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді.Барлық мемлекеттік қызметтер www.elicense.kz порталы арқылы электрондық форматта ұсынылады және тегін көрсетіледі.Спикерлердің айтуынша, Департамент алдағы уақытта да экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

