Райымбек ауданы бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны артып келе жатқан өңірлердің бірі. Ауыл шаруашылығы, туризм, шағын және орта кәсіпкерлік салаларына қолдау көрсетіліп, инфрақұрылымды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жолдар жөнделіп, ауызсу, электр желілері жаңартылып, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар су үнемдеу технологиялары енгізіліп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға бағытталған инвестициялық жобалар қолға алынуда. (Государственные услуги)Табиғаты көркем Райымбек ауданы туризмді дамытуға зор мүмкіндікке ие. Хантәңірі, Қарасаз, Шалкөде, Тұзкөл сияқты табиғи және тарихи орындар өңірдің туристік әлеуетін арттыра түсуде. Ел бірлігі мен еңбекқорлығының арқасында ауданның экономикалық әлеуеті нығайып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған игі бастамалар өз жалғасын табуда.

