14.6 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Алматы облысында 476 мектептің қауіпсіздігі тексерілді

Аймақта жаңа оқу жылының қарсаңында 476 мектепті полицейлер тексеруден өткізді. Бұл туралы Алматы облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығының м.а. Еркебұлан Ахметов пен жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығының м.а. Мұрат Қалиасқаров Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Мұрат Қалиасқаровтың айтуынша, өңірде жаңа оқу жылының алдында «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Шара барысында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге балабақшалар мен білім беру мекемелерінің маңындағы жолдар мен көше-жол желілері тексерілген.

Нәтижесінде, балалардың жол-көлік жарақатын болдырмау және алдын алу мақсатында аймақтағы қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісіне 556 жол белгісі орнатылып, 128 шаршы метр жол кедергілері қойылды, сондай-ақ 440 шаршы метр жол таңбалары жаңартылды. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында барлық мектептерде орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл батырмаларының жұмысқа жарамдылығы тексерілді.

Департамент өкілдерінің айтуынша, 2024 жылдың алғашқы 7 айында балалардың қатысуымен 394 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның нәтижесінде 26 бала қайтыс болып, 476 бала әртүрлі деңгейдегі жарақат алды.

«Ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырамыз. Жаңа оқу жылы басталған кезде, әсіресе таңертең және кешкі уақытта, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау маңызды. Сондай-ақ, ата-аналар балаларға мектепке барар және қайтар жолда бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және күдікті жағдайлар туындаса, дереу үлкендерге немесе полицияға хабарлау қажеттігін түсіндіруі тиіс», — деп қорытындылады Еркебұлан Ахметов.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар