13.7 C
Нарынкол
Пятница, 20 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУДІҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢДЕРІ

20-21 тамыз аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Арсен Жакуповтың төрағалығымен Алматы облысы кадр резервіне іріктеудің облыстық кадр комиссиясындағы құрылымдық сұхбат кезеңі өтті.

Өңірлік кадрлық резервке іріктеудің бастапқы кезеңінде 237 адам қатысты.

Құрылымдық сұхбат кезеңіне 35 үміткер өтіп Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын және өңірдің мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып белгіленген 4 базалық бағыттың бірін таңдап әзірлеген жобаларымен комиссияны таныстырды.

Сұхбат барысында үміткерлер агроөнеркәсіптік кешен жане жер қатынастары, экономика жане қаржы, цифрландыру, әлеуметтік сала бағыттары бойынша жобаларын таныстырып, күтілетін нәтижелерді баяндады.

Комиссия үміткерлерді 3 критерий бойынша бағалады: аналитика; білім тереңдігі; коммуникативтік дағдылар. Комиссия шешімімен 25 адам резервке қабылданатын болады.

Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен салалық сарапшылар тартылды.

Облыстық кадр комиссиясының келесі мүшелері қатысты:

Жакупов Арсен Абзалұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Мәдіғұлов Мұрат Бақыткерімұлы Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы;

Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы Алматы облысы мәслихатының хатшысы; Мұсаев Мейрам Мирзанович Алматы облысы тексеру комиссиясының мүшесі;

Копдикбаев Болат Исаханович Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы, комиссия хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 наурыздан мемлекеттік қызметке жас мамандарды тарту, жауапты лауазымдарға білікті азаматтарды тағайындау мақсатында Өңірлік кадрлық резерв жобасы жүзеге асырылуда. Резервте болу мерзімі 2 жыл. Осы кезеңде резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалуы мүмкін,

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік өнеркәсібі мамандары АЭС салудың маңызын талқылады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб «АзияАгроФуд» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстанның атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылау...

Осыған ұқсас мақалалар