Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы мүшелеріне күш көрсету, психологиялық қысым жасау, қорқыту, қорлау немесе экономикалық тәуелділікке ұшырату сияқты заңға қайшы әрекеттердің жиынтығы. Мұндай жағдайлар адамның денсаулығына, психологиялық жай-күйіне және қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсер етеді. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттыру, өзара сыйластық пен жауапкершілікті нығайту қажет. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарамауы тиіс. Қоғам болып бірлесе әрекет еткенде ғана отбасындағы татулықты сақтап, адам құқықтарын қорғауға және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға қол жеткізе аламыз.

